Дзюдо

Ерасыл Қажыбаев: Бұл медаль үлкен жеңістерімнің бастамасы

Ерасыл Қажыбаев: Бұл медаль үлкен жеңістерімнің бастамасы
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан аса ауыр салмақта ел чемпионы атанған Ерасыл Қажыбаев бұл күндері Осакада жүр. Жас спортшы жылдың қорытынды турнирінде жүлде алу үшін «Гранд слэм» додасына аттанған болатын.

Olympic.kz сайтымен аз-кем әңгімелескен Ерасыл биылғы ел чемпионатынан кейінгі әсерімен бөлісті.

- Қазақстан біріншілігі жылдағы дәстүр бойынша жоғары деңгейде өтті. Қарсыластарымның барлығы үлкен дайындықпен келген. Бағым мен бабым қатар шауып, алтынға қол жеткіздім. Бұл менің ұлттық құрамадағы орнымды нықтау үшін аса қажет. Дегенмен, өз мықтылығыңды әлемдік жарыстарда көрсет керектігін ұмытпаймын.

Менің ендігі мақсатым – Гран-при, Гранд-слэм санатындағы турнирлерде жеңіске жету.

Жалпы ел чемпионатында бірінші белдесуден финалға дейінгі жекпе-жектердің барлығы да қиын өтті.

Жартылай финалда былтырғы Қазақстан чемпионатының жүлдегері Талғат Әміреновті ұттым. Ақтық сында қызылордалық Еламан Ерғалиевтен басым түстім. 2016 жылы Еламанда кеткен есемді қайтардым.

Мүмкін, менің жеңіске деген құлшынысым бәрінен жоғары болған шығар.

Ел чемпионатына төртінші рет қатысып, осы жолы ғана жеңімпаз ретінде тұғыр биігінен көріндім.

Жақында Ташкентте өткен «Гран-при» турнирінде қола медаль жеңіп алдым. Шынымды айтсам, бұл медаль мен үшін өте ыстық. Халықаралық жарыста жеңіп алған ең алғашқы жүлдем осы. Мұнымен шектеліп қалғым келмейді. Ташкенттегі медаль барлық жеңістерімің бастамасы болса деген арманым бар, - дейді Ерасыл.

Еске сала кетейік, Ерасыл Қажыбаев аса ауыр салмақта Қазақстан чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер