Ласло Кляйнхайслер – «Астана» сапындағы допты тартып алудың үздігі

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасының Еуропа Лигасы аясында өткізетін екі ойыны бар. Алайда, еліміздегі Премьер-Лига маусымы аяқталды.

Қазақстан чемпионатын қорытындылай келе, допты тартып алу көрсеткші бойынша Ласло Кляйнхайслер осы маусымның үздігі атанды. Венгриялық ойыншы бір ойында орташа есеппен 3,1 рет допты тартып алған. Ласло маусым бойында 114 рет қарсылас ойыншысынан допты тартып алған.

Осы көрсеткіш бойынша екінші орында Абзал Бейсебеков. Қазақстан құрамасының қорғаушысы орташа есеппен бір ойында 3 рет допты тартып алған. Абзал маусым бойынша 84 рет.

Үздік үштікті Иван Маевский қорытындылады. Беларусь құрамасының ойыншысы чемпионат аясында 106 рет допты тартып алса, бір ойында орташа есеппен 2,9 рет допты тартып алған.


Үздік бестік:

1.Ласло Кляйнхайслер 3,1 (114)

2.Абзал Бейсебеков 3 (82)

3.Иван Маевский 2,9 (106)

4.Дмитрий Шомко 2,4 (85)

5.Бактиер Зайнутдинов 2,4 (52)

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер