«Шахтер» Оралхан Өміртаевпен жаңа келісімшартқа қол қойды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызКеше ғана ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын өткізіп, алғашқы голын соққан жас шабуылшы Оралхан Өміртаев «Шахтер» командасымен жаңа келісімшартқа қол қойды, деп жазады prosports.kz.
Қарағандылық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісімшарт 2019 жылдың соңына дейін жасалған.
Өміртаев биыл «Шахтер» сапында 23 матчқа қатысып, 4 гол соқты.