Димитров «Ертіске» Дарабаевты қайтарып алғысы келеді

Димитров «Ертіске» Дарабаевты қайтарып алғысы келеді
news-banner7
mobile-news-top

Димитар Димитров павлодарлық «Ертіс» командасының бас бапкері қызметін жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Болгариялық маман алдағы уақытта өзінің бапкерлер құрамына аздаған өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, клубтың трансферге жауап беретін қызметкерлері қазірдің өзінде Димитровтың қызығушылығын тудыратын ойыншыларды қарастыра бастады.

Алайда, жаңа ойыншылармен келісімшарт келесі маусымға бюджет көлемі мақұлданғаннан кейін ғана жасалады. Команданың басты мақсаты, жергілікті футболшыларға көп мүмкіндік беру болып отыр. Сондай-ақ 2017 жылы «Ертіс» сапында тамаша өнер көрсеткен Аслан Дарабаевты командаға қайтарғысы келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер