Ауыр атлетика

Илья Ильин Түркияда емделеді

Илья Ильин Түркияда емделеді
news-banner7
mobile-news-top

Жақында ақпарат құралдарында Қазақстандық атақты ауыр атлет Илья Ильин жарақатына байланысты үлкен спорттағы мансабын аяқтауы мүмкін екені айтылған, деп жазады Prosports.kz cайты.

Допинг дауына байланысты ұзақ уақыт жарыстардан шеттетілген Илья биыл маусым айынан бастап жаттығуға қайта оралған. Әрі қыркүйек айының басында Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатында топ жарған.

Өзінің бұрынғы атақтарын қайтарып алуға білек сыбана кіріскен атлет осыдан кейін Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына қатысуды көздеген. Алайда әлем біріншілігі жақындаған тұста Ильяның Ашхабадтағы әлемдік додаға бапкердің көмекшісі ретінде баратыны белгілі болды.

Бұған жеңіліп көрмеген ауыр атлеттің омыртқасындағы жарақаты себеп болып отыр. Бұл жарақат 2016 жылы пайда болған. 8 ай бұрын дәрігерлер омыртқа арасындағы жарықтарды байқаған екен.

Қазіргі таңда Илья Ильин Түркияның астанасы Анкара қаласына келді. Спортшы алдағы уақытта Анкарада ем алмақ. Бұл туралы спортшының өзі мәлім етті.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер