Есірткіге әуес болған боксшы Головкинге қарсы жұдырықтасқысы келеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызМексикалық боксшы кіші Хулио Сесар Чавес (50-3-1, 32 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
- 1 желтоқсан күні Альфредо Ангулоға қарсы жекпе-жек өткізгелі жатырмын. Егер оны ұтсам, келесі жекпе-жегімде GGG-ге қарсы жұдырықтасуға дайынмын, - дейді мексикалық боксшы.
Сондай-ақ, бүгін кіші Хулио Сесар Чавес 2012 жылы Серхо Мартинестен жеңілгеннен соң есірткіге әуес болғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Чавес соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың мамыр айында отандасы Сауль Альвареске қарсы өткізіп, жеңіліс тапқан. Геннадий Головкин де соңғы кездесуінде «Канелоға» қарсы жұдырықтасқан болатын. Аталмыш жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды.