«Қайрат» жаңа бапкерін қашан таныстыратыны белгілі болды

«Қайрат» жаңа бапкерін қашан таныстыратыны белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» футбол клубының жаңа бас бапкерінің есімі қашан белгілі болатыны анықталды, деп жазады Prosports.kz сайты.

«Қайрат» клубының Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев жаңа бапкердің Алматыда екенін және оны командаға Қазақстан Кубогының финалдық кездесуінен соң таныстыратынын жеткізді.

Бұған дейін Қайрат Боранбаев алматылық клубтың тізгінін неміс бапкері ұстайтынын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын алматылық клубы бас бапкер Карлос Алос Феррерді қызметінен босатқан болатын. Оның орнына жергілікті маман Андрей Карпович жаттықтырушы міндетін атқарап жүр.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер