Бокс

Әділбек Ниязымбетовты кім алмастыратыны белгілі

Әділбек Ниязымбетовты кім алмастыратыны белгілі
news-banner7
mobile-news-top

Ақтауда бокстан ел біріншілігінің жартылай финалынан соң 2019 жылға арналған жаңартылған ұлттық құрама сапына алынатын спортшылардың аты-жөндері жарияланды.

Жаңа құрама Әлем чемпионатына шығуға, кейінірек олимпиадалық лицензиялар үшін бақ сынайды. «Команда құрамына чемпионаттың барлық жартылай финалистері енді. Сондай-ақ Жастар құрамасынан ауысқан, болашағынан үміт күттіретін спортшылар да бар.

81 келіге дейінгі салмақта құрама капитаны болған Әділбек Ниязымбетов мансабын аяқтады. Одан басқа салмақтарда көшбасшылар өзгерген жоқ», - деді құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Оның пікірінше, Әділбек Ниязымбетовтің орнын баса алатын спортшы - Бек Нұрмағанбет.

«Денсаулық жағдайына қарамастан Әділбектің команданы тастап кетпегені жастарға пайдалы болды. Біреулер Левит пен Ералиевті біраз жасқа келді деп сынауы мүмкін. Уақыты келгенде өздері кету туралы шешімді қабылдайды. Олар командада жүргенде 18-19 жастағы спортшыларға көп нәрсе үйретеді, сабақтастық орнайды. Әйтсе де жастардың аяққа нық тұруы үшін бір жарым, екі жыл қажет», - дейді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер