Күрес

Жәмила Бақбергенова 23 жасқа дейінгі жастар арасында әлемдік сынның қоласын иеленді

news-banner7
mobile-news-top

Жәмила Бақбергенова Бухарестте 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

72 келіде сынға түскен жерлесіміз алдымен жапондық Нарухо Мацуюкиді 6:5 есебімен жеңді. Кейін АҚШ балуаны Анна Уаттерсті 6:4 есебімен тізе бүктірген Жәмила жартылай финалда сүрінді.

Ал қола медаль үшін күресте Бақбергенова үндістандық спортшыны 11:0 есебімен жеңген болатын.

Айта кетелік, бұл аталған әлем чемпионатында қазақстандықтар жеңіп алған бесінші жүлде. 55 келіде Мария Седнева, 76 келіде Гүлмарал Еркебаева үшінші орыннан көрінген еді. Сондай-ақ, грек-рим күресінің шеберлері Аманғали Бекболатов (55 келі) мен Қаһарман Қысметовтің (72 келі) еншісінде де қола медаль бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер