Ауыр атлетика

Илья Ильин Грозныйдағы сайысқа киген формасын аукционда сатады

news-banner7
mobile-news-top

Елімізде жыл сайын қысқы қайырымдылық балы өтеді.

Аутизм дертіне шалдыққан балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылатын игі шара биыл да жалғасын табады. Ұйымдастырушылар «әр бала мектепке баруға лайық» және «жол жүру гранттары» бағдарламасы бойынша бірнеше ауқымды жобаны қолға алыпты. Осы жұмыстың басы-қасында жүргендер тілшілерге өз жоспарларын жариялады. Мысалы, ауыр атлет Илья Ильин үш жыл бұрын Грозный қаласындағы халықаралық турнирде әлем рекордын жаңартқан спорттық киімін аукционға қойды. Түскен қаржы қорға аударылады.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер