«Астана» - «Динамо» кездесуінің билеттері сатылымға шықты

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бес дүркін чемпионы «Астана» футбол клубының Еуропа Лигасы топтық кезеңі аясында өз алаңында өтетін соңғы матчына арналған билеттер сатылымға шықты, деп хабарлайды prosports.kz.

Биылғы маусымда «Астана Арена» қабылдайтын соңғы ойын «Астана» - «Динамо» (Киев, Украина) арасында өтеді. Ойынның басталуы 29 қараша сағат 21:50-де.

Билеттердің онлайн сатылымы ticketon.kz сайтында.

Сондай-ақ, билеттер Астанадағы «Marwin» және «Meloman» дүкендерінде сатылды.

Бүгіннен бастап 27 қарашаға дейін билеттерді онлайн режимде 34% жеңілдікпен алуға болады.

«Астана Арена» стадионы кассаларының жұмыс режимі:

23 қараша - 10.00-ден 18.00-ге дейін (жеңілдік бағасы жарамды)

24 және 25 қараша - 10.00-ден 19.00-ге дейін (жеңілдік бағасы жарамды)

26 және 27 қараша - 10.00-ден 18.00-ге дейін (жеңілдік бағасы жарамды)

28 қараша - 10.00-ден 19.00-ге дейін

29 қараша - 10.00-ден 23.00-ге дейін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер