Премьер-лиганың соңғы турының үздіктер құрамасы

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты 2018 жылғы маусымдағы Премьер лиганың отыз үшінші турындағы үздіктер құрамасын жариялады, деп жазады prosports.kz.

Құрама ҚКФЛ серіктесі InStat компаниясының ойындарды сараптау көрсеткіштерінің негізінде құрылған.

Өткен турдың қорытындысы бойынша үздік он бір ойыншының тізімі келесідей:

Қақпашы: Дмитро Непогодов, «Тобыл»

Сол жақ қорғаушы: Бактиер Зайнутдинов, «Астана»

Орталық қорғаушылар: Сергей Малый, «Астана»; Пабло Фонтанелло, «Ордабасы»

Оң жақ қорғаушы: Абзал Бейсебеков, «Астана»

Орталық жартылай қорғаушылар: Ласло Кляйнхайслер, «Астана»

Сол жақ жартылай қорғаушы: Сабырхан Ибраев, «Жетісу»

Оң жақ жартылай қорғаушы: Марин Томасов, «Астана»

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы: Максим Федин, «Тобыл»; Нұрбол Жұмасқалиев, «Тобыл»

Шабуылшы: Игорь Зенькович, «Қайсар»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер