Волейбол

«Казхром» командасы волейболдан Суперкубок иегері атанды

«Казхром» командасы волейболдан Суперкубок иегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

9-13 қараша аралығында Ақтөбе облысының Хромтау ауданында волейболдан ерлер арасында Ұлттық лиганың 1-ші кіші туры өтті.

Оған аталмыш турдың «Б» тобына жасақталған командалар жиналып, өзара мықтыларды анықтады. Атап айтқанда, «Атырау» (Атырау), «Есіл-СК» (Петропавл), «Маңғыстау» (Ақтау), «Казхром» ТҰК (Ақтөбе) командалары бас қосты.
Ойында еліміздің тұрақты чемпионатының ұпайлары ойнатылып қана қоймай, жаңа схема бойынша 2018 жылдың

Қазақстан Кубогының иегері «Казхром» ТҰК мен 2018 жылдың Қазақстан чемпионы атанған «Атырау» командалары арасында Суперкубок үшін матч өтті. Нәтижесінде, Суперкубокты ақтөбелік «Казхром» ТҰК командасы жеңіп алды. Олар атыраулық команданы 3:1 есебімен жеңді. Сондай-ақ, Қазақстан Суперкубогының үздік ойыншысы атағын «Казхром» ТҰК командасының спортшысы Роман Байнякшин иеленді.

Айта кету керек, қазіргі таңда өңірде волейбол спорт түрі қарқынды дамып келеді. Оған дәлел, бүгінге облыста ұлттық лигада, жоғарғы лигада өнер көрсететін үш команда бар. Олар ел чемпионаттарында жоғары нәтиже көрсетуде. Сонымен қатар, 2018 жылы жастар лигасында 2001-2002 және 2003-2004 жылы туылған жасөспірім командалар ҚР чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер