Дзюдо

Қазақстан чемпионы Семейде төбелес кезінде қаза тапты

Қазақстан чемпионы Семейде төбелес кезінде қаза тапты
news-banner7
mobile-news-top

Семейде қазақстандық белгілі спортшы Жасұлан Әбиевті өлтіріп кетті, деп хабарлайды Prosports.kz

Оқиға 12 қараша күні «Қаражыра» көмір кен орнында болды. Көмірге таласқан кезектегі адамдар жанжалдасып кетіп, соңы адам өлімімен аяқталды.

Кезекте тұрған азамат 33 жастағы спортшыны пышақтап өлтірген. Адам өлімі үшін 1994 жылы туған Семей қаласының тұрғыны ұсталды.

ШҚО ішкі істер департаменті бұл ақпаратты растады.

Қайтыс болған дзюдошы Жасұлан Әбиев республикалық чемпионаттар мен халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері. Ол 2010 жылға дейін кәсіби спортпен шұғылданған екен.

Түпнұсқасы: kyn.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер