Футзал

«Қайрат» Төрттік финалға өтуге жақын

«Қайрат» Төрттік финалға өтуге жақын
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» футзал клубы бүгін UEFA Чемпиондар лигасы элиталық кезеңі аясындағы екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеше италиялық «Пескара» командасын 4:1 есебімен жеңген «Қайрат» бүгін де білгенінен жаңылған жоқ. Белорусьтің «Лида» командасын 7:2 есебімен оңай ұтты.

Қазақстан чемпионы әрі UEFA Кубогының екі дүркін жеңімпазы «Қайрат» чехиялық «Хрудим», италиялық «Пескара» және беларусьтік «Лидамен» бірге «D» тобында орналасқан.

Барлық матчтар 14-18 қараша аралығында чехиялық «Хрудимнің» алаңында өтеді.

«Қайрат» - «Лида» 7:2 (3:1)

Гол соққандар: Воронин 10, Жигалко 22 - Эдсон 2, 3, 21, 31, Тайеби (пенальтиден) 7, Ранжел 35, Тұрсағұлов 36.

Естеріңізде болса, Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінде «Қайрат» португалиялық «Спортинг», беларустік «Лида» және косоволық «Феникс» командаларымен бір топқа түскен. Косовада өткен үш ойында да жеңіске жеткен алматылықтар 9 ұпай жинап, элиталық кезеңге жолдама алған болатын.

«Қайраттың» элиталық кезеңдегі жарыс кестесі:

«D» тобы

14 қазан

22:30 - «Қайрат» (Қазақстан) - «Пескара» (Италия) - 4:1

15 қазан

21:00 - «Қайрат» (Қазақстан) - «Лидсельмаш» (Беларусь) - 7:2

17 қазан

23:00 - «Қайрат» (Қазақстан) - «Хрудим» (Чехия)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер