Қазақстан құрамасы Латвиямен тең тарқасты

Қазақстан құрамасы Латвиямен тең тарқасты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар Лигасының бесінші турында Астанада Латвияны қабылдады, деп жазады Prosports.kz.

Келесі кезеңге берілер жалғыз жолдамадан ерте үмітін үзген қос құрама бүгін ашық футбол көрсетер деп күткенбіз. Бапкерлер алаңға жас ойыншыларды жіберіп, солардың әлеуетін бағалап көрер деп межелегендер көп болған. Алайда, ойын баяғыдай бір сыдырғы, сылбыр өтті.

Қайта бірінші таймда біздің жігіттер үлкен екпін танытқан. Алғашқы 45 минутта 15 соққы жасағаны соның айғағы еді. Толассыз шабуылдардың бірінде гол да соқты.

Бірақ екіші тайм мүлде басқаша өрбіді. Қонақтар оңай олжаға айналмайтындарын дәлелдеді. Есепті де теңестірді. Қазақ сенген Станимир Стоилов өзі айтқандай жаңа ойыншыларға мүмкіндік берген жоқ. Осының алдындағы үш ойында қолынан түк келмейтінін дәлелдеген Алексей Щеткинді бүгін тағы алаңға шығарды.

Күннің суығына қарамай «Астана Аренаға» жиналған жанкүйерлердің өкінішіне орай Қазақстан құрамасы тағы да сүреңсіз ойын көрсетті.

Ұлттар Лигасы. D лига

Қазақстан - Латвия - 1:1(1:0)

Гол соққандар: Ғафуржан Сүйімбаев 37 - Денис Ракель 49'

Қазақстан: Ненад Эрич (Қ) - Ғафуржан Сүйімбаев, Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов, Роман Мұртазаев, Бауыржан Турысбек.

Латвия: Андрис Ванин (Қ) (К) - Владислав Габов, Каспарс Дубра, Виталий Ягодински, Виталий Максименко - Игорь Тарасов, Андрей Циганик, Вячеслав Исаев, Денис Ракель - Артур Карашаускс, Валерий Шабала.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер