Украиналық тілші: Астанадағы ойын «Динамо» үшін қосымша сынақ болады

news-banner7
mobile-news-top

​Еуропа Лигасы аясындағы «Динамо» - «Астана» арасындағы кездесуде қызмет атқарған «Футбол 1» және «Футбол 2» арналарының тілішісі Владислав Урубков, енді осы арна делегациясының мүшесі ретінде Қазақстан астанасында өтетін матчқа келмек.

«Астана» футбол клубының баспасөз қызметі Владиславпен байланысқа шығып, алдағы ойын туралы пікірімен бөлісті:

​- Журналистің көзқарасымен айтар болсам, мені клуб өкілдерінің ашықтығы, ойыншылардың және бапкердің жауаптылығы таң қалдырды. Ал ойын сапасына келер болсам, Киевтегі кездесуде команда өзінің ерік-жігерінің арқасында тең нәтижеге қол жеткізді. Оған қоса, команданың екінші қабатта жақсы ойын көрсете алатындығын және орталық алаңдағы жинақылығын айтуға болады. Әділдік үшін айта кетейін, командаға ойын барысындағы аздап тұрақтылық жетіспейді.

- Украинадағы алғашқы кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Ойын нәтижесінен кейін қандай реакция болды?

- Әрине, басында аздап таңырқап қалдық. «Динамо» ойыншылары ол кезде өздерінің толықтай бабында болмағандығына қарамастан, өз алаңымыздағы ойында ұш ұпай аламыз деген сенім болған. Алайда, артынша ойын барысын бағамдай келе, тең ойын заңды нәтиже деген пікірдемін. Бұл пікірім жоғарыда айтқан команданың соңғы минутқа дейін жігер танытқандығымен байланысты.

- 29 қараша күні К тобының екі көшбасшысы «Динамо» мен «Астана» өзара кездеседі. Топтық кезеңнің жеребесі тартылғаннан кейін, бесінші тур алдында осындай нәтиже болады деп күткен бе едіңіз?

- Әрине, жоқ. Мен өткен жылғыдай, «Динамо» 4 турдан кейін бірінші орынмен топтан шығады деп сендім. Алайда, Астанадағы ойын киевтіктер үшін тағы бір сынақ болмақ. Себебі, бұл ойын команданың қанашалықты тұрақты ойын көрсетіп келе жатқандығын көрсететін, шешуші ойын болмақ.

- Турнирлік кестеге қарайтын болсақ, «Динамо» мен «Астана» өз мақсаттарына қол жеткізу үшін, екі команданы тең нәтиже қанағаттандырады. Бұл кездесуде киевтіктер тең нәтиже үшін ойнай ма, әлде, Хацкеевич командасы жеңіс үшін алаңға шыға ма?

- Киевтік жанкүйерлерге команданың тек қана «топтан шығуы» емес, бірінші орынмен шығуы өте маңызды. «Динамоны» соңғы екі кездесудегі жеңістен басқа ешқандай нәтиже қанағаттандырмайтындығы анық. Оның үстіне, қазір команда тұрақты ойын үлгісін көрсетіп, жас ойыншылар өздеріне артылған сенімді ақтай бастады.

- Сіздің Астанадағы ойынға келетін ойыңыз бар екенін білеміз. Қаладан, «Астана» - «Динамо» арасындағы кездесуден не күтесіз?

- Қала туралы барынша оқып, танысып, тіпті бірнеше бейнеролик көріп үлгердім. Қала мені фотосуреттері арқылы таң қалдырып үлгерді. Сондықтан, керемет әсер аламын деген сенімдемін. Алда, топтың екі көшбасшысы кездеседі, сол үшін бұл ойыннан күтерім мол. Дәл осы екі команданың бірдей ұпай жинап, топта көшбасшы болғандығына қуаныштымын. Сондықтан, мен екі команда тарапынан сапалы футбол көремін деген сенімдемін және оған ауа райы кедергі болмайды деген ойдамын.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер