Жеңіл атлетика

Нариман Курбанов: Әлем чемпионатында өзіме деген сенімсіздік аяқтан шалды

Нариман Курбанов: Әлем чемпионатында өзіме деген сенімсіздік аяқтан шалды
news-banner7
mobile-news-top

Катар астанасы Дохада өткен спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында Қазақстан тұңғыш рет командалық сында өнер көрсетіп, лицензиялық әлем біріншілігіне жолдама алды. Ал ат снарядындағы жаттығуда финалға өтіп, бесінші орыннан көрінген Нариман Курбанов жанкүйерлерді ғана емес, әлемдегі азулы қарсыластарын да таң қалдырғаны сөзсіз.

Ақтық сында тәжірибенің аздығына байланысты есе жіберген Нариман бұл додадан соң шыңдала түскенін айтады.

Olympic.kz гимнастың шағын сұхбатын назарларыңызға ұсынады.

- Әлем чемпионатына мен өте қиын комбинацияларды дайындап апардым. Өкінішке қарай, оларды таза орындауға шамам жетпеді. Бұған басты себеп – өзіме деген сенімсіздігім. Дегенмен, бір нәрсені түсіндім. Әлемде мен жеңе алмайтын бірде-бір гимнаст жоқ. Тек өз күшіме деген сенімділік арта түссе болғаны. 2019 жылы өтетін халықаралық жарысқа дейін менің үш ай уақытым бар. Сол аралықта тұрақты өнер көрсетуге машықтанам деген мақсат қойдым.

Финалға дейін сәтті өнер көрсеттім. Өйткені, артымда қолдау беретін командам тұрды. Құрамадағы жігіттердің демеуін сезіндім. Өкінішке қарай, командаластарым финалға өткен жоқ. Ал ақтық сында Қазақстан атынан жалғыз өзім қалдым. Бүкіл әлем маған көз тігіп отырғандай болды... Зал толы адамдар, камералар, тісін қайраған атақты қарсыластарым тұр..

Психологиялық тұрғыдан осыған дайын еместігімді білдім. Қанша дерден ойымды басқаға бөлейін десем де, ештеңе көмектеспеді.

Оның үстіне, іріктеуден соң финалдық бәсекені бірнеше күн бойы күттік. Күн сайын уайым арта берді. Дегенмен, мұның бәрі мен үшін үлкен тәжірибе болды. Келесі жылғы әлемдік додада не істейтінімді қазірдің өзінде-ақ анық білемін.

Жалпы алғанда, командаластарыма ризамын. Олар барлығын таңырқатты. Келесі жылы үздік 12 команда қатарына еніп, Олимпиада жолдамасына иелік етеміз деген сенім мол. Біздің команда әлі жас. Бұйырса, бір жыл ішінде есейе түсерім сөзсіз, - дейді Нариман Курбанов.

Еске сала кетейік, Дохадағы әлем чемпионатында Нариман Курбанов ат снарядында үздік бестікке енді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер