Красножан: Қазақстан Латвияны жеңеді

Красножан: Қазақстан Латвияны жеңеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері ресейлік Юрий Красножан Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан – Латвия матчына өз болжамын жасады.

«Есепті дәл айта алмаймын. Бірақ Қазақстан құрамасы жеңіске жетеді деп ойлаймын. Ригадағы матчты көргенмін, Қазақстан жақсырақ ойнап, жеңіске жақын болды.

Латвия құрамасына жақсы нәтиже көрсету үшін уақыт қажет. Бірақ қазақтар үшін ойын оңай болмайды», - деді Красножан.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан – Латвия матчы бүгін «Астана Аренада» өтеді. Ойын жергілікті уақытпен 21:00-де басталады. Матчты «Qazsport» телеарансы көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер