Күрес

Чемпиондар лигасы. Тайнан қазақстандық клубтар ішінде үздік сұрмерген болып тұр

news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының шабуылшысы Тайнан биылғы Чемпиондар лигасында алты гол соқты.

Бұл көрсеткішпен ол қазақстандық клубтардың арасында үздік сұрмерген болып тұр. Тағы төрт ойыншы осы маусымда еуроаренада үш рет қанжығасын майлаған – Ақбалықов пен Серый (екеуі де – «Ақтөбе»), Ранжел мен Эдсон (екеуі де – «Қайрат»).

Валенко, Иманалин (екеуі де – «Ақтөбе»), Джон Леннон, Оразов (екеуі де – «Қайрат») Чемпиондар лигасында екі гол соқты.

Айта кетейік, «Қайрат» кеше элиталық кезең аясында италиялық «Пескараны» ұтқан болатын. Ал «Ақтөбе» негізгі кезеңде ұшып кеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер