Бокс

WBC президенті: Біз Головкин – Чарло кездесуін өткізуді міндеттедік

WBC президенті: Біз Головкин – Чарло кездесуін өткізуді міндеттедік
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) басшысы Маурисио Сулейман қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы туралы пікірін білдірді.

«WBC «уақытша» чемпион Чарло мен Головкин жекпе-жегін санкциялады. Бірақ Головкин Чарломен жұдырықтасудың орнына Канеломен тікелей реванш өткізуді сұрады. Ал Канело болса, ерікті жекпе-жек өткізгісі келеді. Бәрі араласып кетті, біз Головкин – Чарло жекпе-жегін өткізуді міндеттедік. Кездесу болады деп үміттенемін. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы кейін Канеломен жұдырықтасады. Бәрі осылай болса қуанар едім. Көрерміз», - деді Сулейман.

Айта кетейік, биыл қыркүйекте Головкин мексикалық Сауль Альварестен жеңіліп, өз титулдарынан айырылған болатын.

Ал америкалық Джермалл Чарло бірнеше жылдан бері Головкинді жекпе-жеккі шақырып жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер