Қазақстан ұлттық құрамасында өзгерістер болды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының UEFA Ұлттар Лигасының қараша айында өтетін ойындарына шақырылған футболшылар тізімінде өзгерістер болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы құраманың бас бапкері Станимир Стоилов айтты.

- - Ең алдымен футболшылар туралы айтайын. Өкінішке қарай, жарақатына байланысты Евгений Постников пен Ян Вороговский көмектесе алмайды. Дмитрий Шомко жиынға шақырылды. Алайда, жасыл алаңға шығуы екіталай. Кеше жаттығуда Еркебұлан Сейдахмет жарақат алып қалды. Өкінішті. Өйткені, жарақатын емдеу үшін шамамен үш ай қажет. Ертең ота жасау үшін Германияға жол тартады. Негізгі құрамның 4-5 ойыншысын ауыстыруға тура келеді. Резервтен Юрий Перцух, Оралхан Өміртаев және Иван Антипов шақырылды, - деді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер