Марин Томасов «Астана» жейдесіндегі 20-шы голын соқты

Марин Томасов «Астана» жейдесіндегі 20-шы голын соқты
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» - «Ертіс» арасындағы кездесуде елорда командасының жартылай қорғаушысы Марин Томасов хет-трик жасап, осылайша «Астана» жейдесіндегі 20-шы голын соқты.

Осылайша, 31 жастағы хорват елорда командасы сапында ресми кездесулерде соққан голдар санын 22-ге жеткізді. Томасов осы нәтижесі арқылы Джордже Деспотович пен Сергей Остапенконы қуып жетіп, клуб тарихындағы сұрмергендер тізімінде 6-шы орынға көтерілді.

«Астана» жейдесінде Томасовтан көп гол соққан бірнеше ғана ойыншы бар. Олар: Патрик Твумаси (69 гол), Таңат Нөсербаев (54), Жуниор Кабананга (38), Фокси Кетевоама (34) және Игорь Бугаев (26).

Және Томасов гол+пас жүйесінде (22+23) Серікжан Мужиковты басып озып, клуб тарихындағы нәтижелі ойыншылар тізімінде 6-шы орында тұр.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер