Головкин 30-шы кездесуін «Madison Square Garden» аренасында өткізеді
![Головкин 30-шы кездесуін «Madison Square Garden» аренасында өткізеді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1390130314_465224612.jpg?v=28673985)
Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің отызыншы жекпе-жегі өтетін орны анықталды.
Америкалық Sports Illustrated басылымы хабарлауынша, жерлесіміздің отызыншы жекпе-жегі 26-ші сәуір күні Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Қарсыластары әлі белгісіз, дегенмен Джеймс Киркланд, Серхио Мартинес, Андре Уорд пен Адонис Стивенсон есімдері жиі айтылуда.
Қазіргі таңда Головкин бірінші ақпан күні Монте-Карлоде өтетін Осуману Адамаға қарсы кездесуге тыңғылықты дайындалып жатыр.