Грек-рим күресі

Аманғали Бекболатов — қола жүлдегер

Аманғали Бекболатов — қола жүлдегер
news-banner7
mobile-news-top

Румынияның Бухарест қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында Аманғали Бекболатов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі КҮРЕС ФЕДЕРАЦИЯСЫНА сілтеме жасап.

Үшінші орын үшін болған белдесуде 55 келі салмақта күрескен Бекболатов жапониялық балуанды 8:0 есебімен жеңді.

Бүгін күрескен балуандар арасында өкінішке қарай, Меиржан Шермаханбет пен Қаһарман Қисметовтен басқасы жарыстан шығып қалды. 72 келіде күрескен Қаһарман ертең қола медаль үшін күреседі. 67 келідегі Меиржан жұбаныш белдесуде АҚШ немесе Жапония балуандарының жеңгенімен күреседі.

Түпнұсқасы: wrestling.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер