«Астана» сапынан сегіз ойыншы Солтүстік Ирландияға аттанды

«Астана» сапынан сегіз ойыншы Солтүстік Ирландияға аттанды
news-banner7
mobile-news-top

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Солтүстік Ирландияда Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы ойындарын бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар Солтүстік Ирландия, Сербия және Польша құрамаларымен бір топта ойнайды.

«Астана» сапынан Қазақстан Жасөспірімдер құрамасына 8 ойыншы шақырту алды: қақпашы: Владислав Саенко, қорғаушылар: Жантөре Жұмаділов, Әлім Ілиясов, жартылай қорғаушылар: Жасұлан Қайыркенов, Руслан Махан, және шабуылшылар Мади Жақыпбаев және Лев Скворцов.

Және жасөспірімдер құрамасына қорғаушы Әділжан Дүйсембаев та шақырту алған еді. Алайда, 17 жастағы астаналық жарақатына байланысты құрама сапына барған жоқ.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер