Велоспорт

«Астана» екі шабандозбен қоштасты

news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Астана» велокомандасынан екі шабандоз кетті.

Риккардо Минали астаналық клубқа 2017 жылы келіп, екі маусым өнер көрсетті. Сол уақыт ішінде «Лангкави турының» екі кезеңінде жеңіске жетті, сонымен қатар, «Дубай Тур», «Хорватия туры», «Түркия президенттік туры», «Дания туры» және «Бельгия туры» сынды жарыстардың кезеңдерінде жүлделі орын алды.

Ал украиналық Андрей Гривко «Астана» сапына 2010 жылы қосылып, тоғыз маусым елордалық клубтың намысын қорғады. Ол «Жерорта теңізі турының» жалпы есебінде жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ, ол «Энеко Тур» мен «Де Панне Үш күндігінде» жүлделі орындар алды.

Осы маусым қорытындысы бойынша, екі шабандоз да «Астана» сапынан кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер