Дзюдо

Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионатына байланысты баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев, Астана қаласы дзюдо федерациясының президенті Есин Данияр, дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері Айдын Смағұлов және дзюдодан Қазақстан әйелдер құрама командасының бас бапкері Марат Данайбаев қатысты.

13-16 қараша күндері Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Чемпионатқа еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 437 дзюдошы қатысады.

Қатысушылар арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев, жастар арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері Жанболат Бағтбергенов және Бауыржан Назарбаев, Гран-при сериясы чемпиондары Ғұсман Қырғызбаев, Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев, Азия ойындарының қола жүлдегері Елдос Жұмақанов, әлемдік Гран-при кезеңінің жүлдегерлері Виктор Демьяненко және Бекәділ Шаймерденов сынды халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылар бар.
Ал Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжанов, Азия ойындарының чемпионы Дидар Хамза, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг пен Азия ойындарының қола жүлдегері Гүлжан Исанова жарақатына байланысты Қазақстан Чемпионатынан босатылды.

Жарыс қорытындысы бойынша жаттығушылар штабы 2019 жылға дзюдодан Ұлттық құрама құрамын бекітеді.

Түпнұсқасы: fdk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер