Теннис

Қазақстандық теннисші жұптық сында Лимож турнирінің жеңімпазы атанды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Галина Воскобоева ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге Лимож (Франция) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Г.Воскобоева мен В.Кудерметова осы турнирдің үшінші, ал олардың финалдағы қарсыласы, ресейлік Вера Звонарева мен швейцариялық Тимя Бачински екінші ракеткасы болып тіркелген еді.

Қазақстандық-ресейлік жұп бірінші партияда 7:5 есебімен жеңіске жетті. Олар екінші сетте де брейк жасап, басымдылықтарын көрсете білді - 6:4. Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 31 минутқа созылды. Лимож турнирінде жекелей сында отандасы Евгения Родинаны жеңген ресейлік Екатерина Александрова жеңімпаз атанды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер