Футзал

«Қайрат» жолдастық кездесуде «Экономац» командасын екі рет жеңді

news-banner7
mobile-news-top

«Экономац» футзал клубының құрылғанына 18 жыл толуына орай алматылық «Қайрат» Серияда аталған командамен екі бірдей жолдастық кездесу өткізді, деп жазады prosports.kz.

Алматылық клуб екі ойында да жеңіске жетті. Атап айтқанда, 8 қараша күні өткен алғашқы матчта қарсыласын 3:0 есебімен оңай ұтты. Ол күні Дәурен Тұрсағұлов, Шыңғыс Есенаманов және Ранжел гол соқты.

Ал кеше өткен екінші ойында есеп - 4:3 болды. Қазақстандық команда сапынан Біржан Оразов пен Джон бір-бір голдан, Диего екі гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер