Ауыр атлетика

Елдос Сайлау С тобында алтыншы орын алды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Ашхабадта өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатының соңғы күні, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық спортшылар арасынан соңғы болып өнер көрсеткен Елдос Сайлау жарысты өз тобында алтыншы орынмен аяқтады.

109 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынайтын Елдос жұлқа көтеру жаттығуында 152 келіні бағындырды. Ал серпе көтерудегі нәтижесі 194 келі. Қос жаттығудың қорытындысында 346 келі салмақты бағындырған Сайлау С тобында алтыншы орынға ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер