Ұлар Жақсыбаев «Атырауға» қарсы матчқа қатыса алмайды

news-banner7
mobile-news-top

«Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Ұлар Жақсыбаев Премьер лиганың 33-ші туры аясында өтетін «Атырауға» қарсы матчқа қатыса алмайды, деп жазады prosports.kz.

Бұған себеп, футболшы өткен турда «Қызылжарға» (2:1) қарсы ойында сары қағаз алғаны болып отыр. Бұл футболшының осы маусымдағы төртінші рет сары қағазбен жазалануы болғандықтан, келесі турда командасына көмектесе алмайды.

Айта кетейік, 24 жастағы футболшы биыл шымкенттік команда сапында 14 матч өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер