Әлем футболы

Еуродода: Апта үздіктері анықталды

Еуродода: Апта үздіктері анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Осы аптаның ортасында Еурокубоктық ойындардың кезекті туры өтті, деп жазады prosports.kz.

Араға бір күн салып UEFA апта үздіктерінің атын атады.

Атап айтқанда, Чемпиондар лигасы 4-ші турының үздігі «Тоттенхэм» ойыншысы Харри Кейн болды. Айта кетерлігі, ол бұл жүлдеге бірінші рет қол жеткізіп отыр. Бұл атақтан Кейннен бөлек Рияд Марез («Манчестер Сити» ), Карим Бензема («Реал») және Милан Павков («Црвена Звезда») үмітті болған.

Аптаның үздік голы атағын «Ювентусь» шабуылшысы Криштиану Роналду иеленді. Оның «Манчестер Юнайтед» қақпасына жерге түсірмей соққан голы мамандардың оң бағасын алды.

Cç½å¤ºå¾æä½³è¿ç

Ал Еуропа лигасының үздік ойыншысы атағы «Зальцбург» ойыншысы Такуми Минаминоге бұйырды. Жапониялық жартылай қорғаушы «Русенборг» қақпасына хет-трик жасаған болатын.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер