Бокс

Эдди Хирн: Головкин келесі жылы Альвареспен жұдырықтасуы ықтимал

Эдди Хирн: Головкин келесі жылы Альвареспен жұдырықтасуы ықтимал
news-banner7
mobile-news-top

Танымал промоутер Эдди Хирн Головкин - Альварес үшінші жекпе-жегін ұйымдастыруға үмітте екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Эдди Хирннің айтуынша, Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN стримингтік қызметімен келісімге келсе, Сауль Альвареспен (50-1-2, 34КО) үшінші жекпе-жекке шыға алады.

«Егер Головкин үшінші жекпе-жекті қаласа, онда DAZN-мен келісімшартқа отыруы керек. Жақында, Альварес бізбен алдағы 11 кездесуге келісім жасасты. Головкин жанкүйерлердің құрметіне лайық боксшы, өзі екінші жекпе-жекте жеңіске жеттім деп санайды. Менің ойымша, ол DAZN-мен келісім жасасып, келер жылы наурыз-мамыр айында Алвареспен жұдырықтасуы керек. Себебі, бұл екі боксшы үшін өте маңызды, мен оның болғанын қалаймын»,- деді Эдди Хирн.

Айта кетейік, HBO телеарнасымен келісімшарты аяқталғаннан кейін Алварес DAZN стримингтік қызметімен жалпы құны 365 миллион долларға жететін келісім жасады. Ал қазақстандық боксшыға Showtime және ESPN телеарналары қызығушылық танытып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер