Ауыр атлетика

Ауыр атлетикадан ӘЧ. Аборнева – екінші, Мүптілдә – төртінші

news-banner7
mobile-news-top

Ашхабадта ауыр атлетикадан әйелдер арасында 87 келіден жоғары салмақтың С тобындағы зілтеміршілер сынға түсті.

Бұл салмақта еліміздің намысын Айзада Мүптілдә мен Александра Аборнева қорғаған.

Айзада мен Александра жұлқа көтеруде бірдей нәтиже көрсетті – 108 келі. Ал серпе көтеруде Мүптілдә 130 келіні бағындырса, Аборнева 135 келі зілтемірді көтерді.

Екі жаттығудың қорытындысы бойынша, Александра Аборнева 243 келімен С тобында екінші орын алса, Айзада Мүптілдә төртінші орынды қанағат тұтты – 238 келі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер