«Астана» чехиялық қонақтарды жеңді

«Астана» чехиялық қонақтарды жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Астана» футбол клубы елорда төрінде Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында чехиялық «Яблонецпен» кездесті.

Кездесу «Астана Арена» алаңында өтті.

18-минутта бұрыштамадан кейін қолайлы позицияда тұрған 11-нөмірдегі Педро Энрике гол соғып, алаң иелерін алға бастады.

Ойынның 41-ші минутында бұрыштамадан кейін доп елордалықтардың қорғаушысы Бахтияр Зайнутдиновке тиіп қақпаға кірді. Автогол Бахтиярға жазылды.

Екінші тайм аяқталуға екі минут қалғанда астаналық ойыншы Постников гол соғып, жерлестерімізге жеңіс әкелді.

«Астана» - «Яблонец» 2:1 (1:1)

Гол: Педро Энрике 19 (1:0), Зайнутдинов автогол 41 (1:1), Постников 88 (2:1)

Ескерту: Педро Энрике 55, Аничич 78 — Йовович 28

«Астана»: Эрич, Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер, Педро Энрике (Муртазаев 79), Томасов, Маевский, Зайнутдинов, Ричард Алмейда (Мужиков 71), Кабананга (Янга 61), Постников

«Яблонец»: Грубы, Говорка, Хюбшман, Ганоусек, Поважанец, Травник, Лишка, Долежал, Соболь (Кратохвил 72), Йовович, Голеш

Бас төреші: Иштван Вод (Венгрия)

8 қараша. Астана. «Астана Арена».

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер