Бокс

Андре Уорд Головкинмен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Андре Уорд Головкинмен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

Мансабын аяқтаған америкалық боксшы Андре Уорд (32-0, 16 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасудан бірнеше бас тартқанын айтты.

- Мен боксты сағынамын, бірақ бұл рингке қайта оралғым келетінін білдірмейді. Головкиннің менімен жұдырықтасатын мүмкіндігі болды – оған 2012 жылы, 2013 жылы және тағы бірнеше рет жекпе-жек өткізуді ұсындым, — деп мәлімдеді Андре Уорд.

Оның айтуынша, Головкин тек 160 фунтта айқасатынын айтып, келісім бермеген.

- Мен өзімнің салмағымды – 168 фунтты есіне салдым. Ол менімен ешқашан рингке шықпайды, кепілдік беремін. Еш таңдау қалмаған жағдайда ғана келісуі мүмкін, жанкүйерлер де бұл жекпе-жекті талап етеді. Дегенмен, зейнетке шыққаныма қуаныштымын, сондықтан телефон қоңырауы түспейді деп үміттенемін. Маған қоңырау шалмаңыздар! – деп түйіндеді америкалық боксшы.

Түпнұсқасы: sputniknews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер