Ауыр атлетика

Рүстем Сыбай әлем чемпионатында 11-ші орын алды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ауыр атлет Рүстем Сыбай Ашхабадта өтіп жатқан әлем чемпионатында 96 келі салмақ дәлежесінің А тобында бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз жұлқа көтеруде 165 келіні бағындырып, 15-ші орында қалып кетті. Ал серпе көтеру жаттығуында 211 келіні бағындырды. Қос жаттығудың қорытындысы бойынша (286 келі) Рүстем әлем чемпионатында 11-ші орынға тұрақтады.

Бас жүлдені 416 келі (186 + 230) көтерген Иран спортшысы Моради Сохаб, күміс медалді Қытай спортшысы Тиян Тао 407 келі (181+226), қоланы Николаэ Онице - 391 (175 + 216) алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер