Ренан Брессан - біріншіліктің ең қымбат ойыншысы
![Ренан Брессан - біріншіліктің ең қымбат ойыншысы](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1389937941_147367174.jpg?v=28705589)
Күні кеше ғана «Актобеге» көшкен белорусиялық футболшы Ренан Брессан Қазақстан премьер-лигасының ең қымбат ойыншысына айналды.
Тransfermarkt.de сайтының мәліметіне сүйенсек Брессанның трансферлік құны – 2 миллион 300 мың еуро. Бұған дейін «Актобенің» тағы бір ойыншысы Сергей Давыдов ең қымбат ойыншы болып саналған.
«Атыраудың» нигериялық футболшысы Майкла Одибе де «арзан емес» болып шықты. Шабуылшының құны - 500 мың еуро.