Б. Калкназаров блогы
Футбол

Қазақ футболы

Қазақ футболы
news-banner7
mobile-news-top

Жақында ғана әлеуметтік желіде бір жігіт пенен қазақ футболы жайлы, атақты орыс коментаторы Черданцев мырзаның сөзіне бола пікір таластық. Черданцев озінің берген сұхбатында былай деген: « Қазақстан футболы Еуропада жүре берсе еш қандай ұлкен турнирдің финалдық раундтарында бой көрсете алмайды». Ия, мен бұл пікірге келісемін. Яғни, мен футболымыз Азияға көшіп өтуін жөн санаймын жәнеде солай ойлайтынымды сол посттың астына жазып қалдырдым. Біраздан соң маған қарсы пікір де келе қалды. Ол жігіт көптеген мысалдар айтты, соңынан мен де оған не ойлайтынымды жаздым. Мен қәзір ол жігіт пен арамыздағы әңгімені жазбаймын. Мен Қазақ футболы менің өлшеуім бойынша Азияға өтіп не тауып, не жоғалтынын жазғым келіп отыр.

Сонымен, Қазақ футболы Азияға өтсе не жоғалтады дан бастаймын. Біріншіден, біз Азия континентіне өтетін болсақ, футболы ең жақсы дамыған Еуропадан кетеміз. Одан кейін бізге қарсылас болатын командалар деңгейіде төмендейтіні анық! Болғаны одан артық ештңеде емес. Алай да тағы бір «бірақ» дейтіні бар, оны кейін айтармын.

Ал ендеше Азиядан табар пайдамыз жайлы екі ауыз. Ия шыны керек біз Азияның күшті үш еліне тең келе алмаспыз(кімдер екенін білесіз), бірақ плюс тараптары көп көрінеді. Мысалыға, біз ешқашан Еуропа чемпионатына қатыспағанбыз, ал Азия чемпионатына қатыса аламыз. Екіншіден, Әлем чемпионатында өнер көрсету футбол ойнайтын әр бір елдің арманы! Азия ға бұл орайда 4 тікелей орын және жарты квота плей-офф қа берілген. Демек біз Еуропада жүріп армандап та көрмеген ӘЧ жолдамасына, реалдық көз-қарасты мүмкіндіктеріміз пайда болады. Кейін тағыда айта кететіні бізді Еуропада аутсайдерлер қатарында санайды. Қай ойынды алып қарасаңызда бізге төмен баға беріп менсінбей ойынға түседі. Дәлрек айтқанда Азияда өз орнымызға ие бола аламыз жәнеде «құрметімізді» орнына қойамыз.

Бағанағы әңгімеме оралсам, менімен сөз таластырған жігіт айтады: - ой біз Азияға өтіп Индия, Бангладеш, арабтар мен футбол ойнап деңгейімізді көтереміз бе? ӘЧ на шығып қайтадан Еуропа грандтарына жем болмаймыз ба? Одан да осында жүргеніміз жөн – деп. Оныңда айтқанын да жан бар. Бірақ, осы кезге дейін сол мықтыларға жетпей жатып орташа құрамаларға да ойсырап жеңіліп жүрген жоқпыз ба? Еуропада жүріп не келістіргенбіз? Азия да жүріп футболдағы жарасықты орнымызға келген жөн емеспе? Германия, Испания, Италияларға жем болсақта ӘЧ на шығу арманымызды орындау керек емеспе? Бұндай сұрақтар менде көп. Алайда бағанағы «бірақ» ты айта кетейін. Еуропадан кеткен жағдай да, ең зор жапа шегетін Еуроаренада жақсы өнер көрсетіп жүрген клубымыз «Астана» ғана менімше. Менің бұл жазғаным менен бәрібір Азияға өтпейміздеғой. Сонда да, өз ойым мен пікірлерімді бөліскім келді.

Сөздің соңы ретінде, футболымыз дамуы үшін коррупцияны футболдан жоқ ету керек. Оның үшін коррупцияны өмірімізден жоғалту керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер