«Төрттік финал» - Алматыда өтеді!
Футзалдан Еременко кубогының «төрттік финалын» наурыз айында алматылық «Қайрат» қабылдайды.
Естеріңізге сала кетек, жарыстың ақтық кезеңіне төрт команда шықты: ресейлік «Синара», «Тюмень», «Газпром-Югра» және қазіргі УЕФА кубогының жеңімпазы қазақстандық «Қайрат».
«Еременко кубогының «төрттік финалын» Алматыға тапсыру дұрыс шешім болды» - дейді турнирдің генералдық директоры.
«Төрттік финалдың» матчтары 6-10-шы наурыз аралығында өтеді. Ойындар кестесі мынадай:
1-ші жартылай финал: «Газпром-Югра» (Ресей)-«Қайрат» (Қазақстан)
2-ші жартылай финал: «Тюмень» (Ресей)-«Синара» (Ресей)
Финал: 1-ші жартылай финалдың жеңімпазы - 2-ші жартылай финалдың жеңімпазы
3-ші орынға кездесу: жартылай финалда жеңілген командалар арасында