Ауыр атлетика

ӘЧ-2018. Олимпиада чемпионы Рахимов 8-ші орын алды

ӘЧ-2018. Олимпиада чемпионы Рахимов 8-ші орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов 2018 жылғы әлем чемпионатында сегізінші орын алды.

Ашхабадта спортшы еліміздің намысын 73 келіге дейінгі салмақта қорғаған еді. Рио Олимпиадасының чемпионы жұлқа көтеруді сәтсіз өткізді. Отандасымыз бір ғана мүмкіндігін пайдаланып, 147 келіні бағындырды. Алғашқы жаттығудан соң Рахимов 13-ші орынға табан тіреді.

Ал серпе көтеруде Нижаттың ең үздік нәтижесі 190 келі болды. Мұндай көрсеткішпен қазақстандық зілтемірші серпе көтеруде кіші «қолаға» қол жеткізді.

Бірақ екі жаттығудың қорытындысы бойынша 337 келіні көтерген Рахимов жарысты сегізінші орынмен аяқтады.

Бұл салмақта әлем чемпионы атағын қытайлық Ши Чжиюн алды – 360 келі. Күміс медаль кореялық Вонға бұйырды – 348 келі. Беларусьтік Вадим Лихарад 434 келімен үшінші орын алды.

Осылайша, Ашхабадтағы әлем чемпионатында Қазақстанның қоржыны әлі де болса Арли Чонтей алып келген күміс медальмен тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер