Ауыр атлетика

Сәдуақасова әлем чемпионатының жүлдесіне ілікпеді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Сәуле Сәдуақасова ауыр атлетикадан Ашхабадта өтіп жатқан әлем чемпионатында өнер көрсетті.

Түркіменстан астанасындағы әлемдік додада Сәуле 59 келіге дейінгі салмақта сынға түскен. Жұлқа көтеруде 90 келі, серпе көтеруде 115 келіні бағындырған Сәдуақасова екі жаттығудың қорытындысы бойынша 205 келімен 11-ші орын алды.

Ол бірінші орын алған Қытайлық Тайбэй өкілі Куо Син-Чжуньнен 35 келіге қалып қойды.

Айта кетейік, биылғы әлем чемпионатында Қазақстанның қоржынында бір медаль бар. Арли Чонтей турнирдің күміс медалін еншілеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер