Ауыр атлетика

Фархад Харки әлем чемпионатының В тобында екінші орын алды

news-banner7
mobile-news-top

2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Фархад Харки Ашхабадтағы әлем чемпионатында В тобында өнер көрсетіп, екінші орын алды.

67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жұлқа көтеруде 133 келіні бағындырып, жетінші орында тұрған. Ал серпе көтеруде ең үздік нәтиже көрсетті – 175 келі. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша, Фархад 308 келімен екінші орын еншіледі.

В тобында бірінші орынды грузин Гога Чхеидзе (139+172, 311) алды, ал үздік үштікті германиялық Симон Брандхубер (146+160, 306) түйіндеді.

Енді кешкі бағдарламада 55 келіге дейінгі салмақта Зүлфия Чиншанло жарыс жолына шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер