Ауыр атлетика

Ауыр атлетика федерациясының мәлімдемесі

Ауыр атлетика федерациясының  мәлімдемесі
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Алдияр Нұрәлинов Ашхабадтағы әлем чемпионаты алдында мәлімдеме жасады. Спортшылар құрамына өз бағасын берген Нұрәлинов команданың ішкі атмосферасы мен Илья Ильиннің жағдайын да айтып өтті.

«Бір жылдан бері біздің команда халықаралық турнирлерге қатысқан жоқ. Дегенмен, бұл біздің көрсеткішімізге еш кесірін тигізбеді. Спортшыларымыз бір жыл бойы алаңсыз дайындалып, оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Сондай-ақ, елішілік жарыстар мен Қазақстан біріншілігінде бақ сынады. Ішкі біріншіліктен соң біз Ашхабадқа баратын құрамды анықтадық. Біз жүлде алып, өз әлеуетемізді көрсетуге дайынбыз», - дейді атқарушы директор.

Алдияр Нұрәлинов Илья Ильинге қатысты да пікір білдірді.

«Ильяның жарақаты сыр беріп жүргенінен хабардармыз. Ал соңғы кездері сырқатының жиілеп кеткені оны әлемдік сыннан бас тартуға мәжбүрледі. Сондықтан, оның мәлімдемесі бізге жаңалық емес. Десе де, Ашхабадқа келген соң тағы да жарақатын емдеп жатыр. МРТ сараптамасына қарап, оның алдағы бірнеше күнде жарысқа қатыса алмайтынын түсіндік», - дейді федерация өкілі.

Осылайша, Ашхабадтағы әлем чемпионатында Қазақстан намысын 19 спортшы қорғайтын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер