русский язык
Хоккей

«Барыс» хоккей клубы «Спартактан» басым түсті

«Барыс» хоккей клубы «Спартактан» басым түсті
«Барыс» хоккей клубы өз мұз айдынында мәскеулік «Спартакты» қабылдады.
 
Матчтың жетінші минутында есепті астаналық Найджел Доус ашты. Артынша, мәскеуліктер Андрей Сергеевтің көмегімен есепті теңестірді. Бір минуттан кейін, Талғат Жайлауов «Барысты» алға шығарды. Содан соң Найджел Доус дубльдың авторы атанса, Зак Хэмил елордалық клуб жидесіндегі бірінші шайбасын соқты. Дегенменде, қонақтар хоккейшісі Алексей Гришин жалпы есепті қорытындылады - 4:2. 
 
«Барыс» (Астана) – «Спартак» (Мәскеу) 4:2 (1:0, 2:1, 1:1)
 
1:0 – Доус (Бойд) – 06:42
 
1:1 – Сергеев (Ванделль) – 27:42
 
2:1 – Жайлауов (Савченко) – 28:45
 
3:1 – Доус (Боченски) – 33:02
 
4:1 – Хэмилл (Доус, Савченко) – 47:34
 
4:2 – Гришин (Желдаков, Толузаков) – 54:07
 
Қақпашылар: Ахонен – Гласс
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;