Бокс

Головкин Канелодан бұрын кіммен жұдырықтасады

Головкин Канелодан бұрын кіммен жұдырықтасады
news-banner7
mobile-news-top

АҚШ-тың танымал испан тілді телеарнасы Univision қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің болашағына қатысты пікір білдіріп, спортшының әрі қарай кіммен жұдырықтасуы мүмкін екенін болжады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан мәлім етті.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын GGG промоутері Том Леффлердің жаңа DAZN ТВ-платформасымен келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі болды. Шартқа қол қойылса, қазақстандықтың болашағына қатысты көптеген болжам айтуға болады.

«DAZN-мен келісім жасалса, Головкин — «Канело» үшінші жекпе-жегі ұйымдастырылады деген сөз, алдыңғы кездесулердің күмәнді нәтижелерінен соң бұл халықты қанағаттандыруы тиіс. Алайда кездесу бірден болмайды, Головкин Дэниэл Джейкобс және Деметриус Андрадемен титул үшін жұдырықтасуы мүмкін», — деп жазады дереккөз.

Айта кетсек, Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен қарымта жекпе-жекте алғаш рет жеңіліске ұшырады. Төрешілердің шешімі GGG-ді WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеулерден айырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер