Волейбол

«Алтай» - Қазақстан кубогының иегері

«Алтай» - Қазақстан кубогының иегері
news-banner7
mobile-news-top

Өскемендегі «Жекпе-жек» сарайында волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан кубогы додасы мәреге жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Финалдық кездесуде өскемендік «Алтай» мен Алматы облысының намысын қорғаған «Жетісу» клубы кім мықтыны анықтаған болатын.

Аса тартысты өткен кездесуде 3:1 (25-19; 25-17; 23-25; 25-22) есебімен «Алтай» жеңіске жетті.

Кубоктық доданың қола жүлдесін «Ертіс-Қазхром» командасы иеленді.

«Финалдық кездесу аса тартысты өтті. Қарсыластарымыз осал емес. Бірақ тәжірибе мен бір-бірімізге деген сенімнің арқасында біз жеңіске жеттік. Маусымды жеңіспен аяқтағанымызға қуаныштымын», - дейді «Алтай» ойыншысы Сана Анарқұлова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер