Командалық

Бапкер тайм-аут сұрап, матч үстінде мансабын аяқтады. Видео

news-banner7
mobile-news-top

Америкалық футболдан «Ист Строудсбург» командасының бапкері Дэнни Доудс маусымға созылған мансабын ерекше аяқтады.

Ол «Огайо Доминиканға» қарсы матчтың аяқталуына 4 секунд қалғанда төрешіден төртінші тайм-аутты сұрады: «Сэр, біз төртінші тайм-аут сұрағалы жатырмыз. Оның заңсыз екенін білеміз. Сіз бізді сол үшін жазалауыңызға болады, бірақ мен зейнетке кетіп барамын» деді Доудс.

Кейін Дэнни Доудс қарсылас бапкерінің қолын алып, трибуна алдында қалпағын шешті де, кетіп қалды.

Сол ойында «Ист Строудсбург» 38:45 есебімен жеңіліп қалды. Енді Доудстың орнына Джимми Тервиллигер уақытша бапкер болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер