Ауыр атлетика

Видео: Илья Ильин жарақаты жайлы айтты

Видео: Илья Ильин жарақаты жайлы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Жақында ақпарат құралдарында Қазақстандық атақты ауыр атлет Илья Ильин жарақатына байланысты үлкен спорттағы мансабын аяқтауы мүмкін екені айтылған, деп жазады prosports.kz.

Допинг дауына байланысты ұзақ уақыт жарыстардан шеттетілген Илья биыл маусым айынан бастап жаттығуға қайта оралған. Әрі қыркүйек айының басында Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатында топ жарған.

Өзінің бұрынғы атақтарын қайтарып алуға білек сыбана кіріскен атлет осыдан кейін Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына қатысуды көздеген. Алайда әлем біріншілігі жақындаған тұста Ильяның Ашхабадтағы әлемдік додаға бапкердің көмекшісі ретінде баратыны белгілі болды.

Бұған жеңіліп көрмеген ауыр атлеттің омыртқасындағы жарақаты себеп болып отыр. Бұл жарақат 2016 жылы пайда болған. 8 ай бұрын дәрігерлер омыртқа арасындағы жарықтарды байқаған екен.

Бүгін спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жарысқа қатысатын-қатыспайтынын және жарақаты жайлы пікірін айтты.

- Бүгін Ашхабаттағы емханалардың біріне тексерілдім. Олардың айтуынша, менің омыртқамда екі жарық бар екен. Оның бірі үлкен, бірі кіші көрінеді. Осы жарақат менің жарысқа қатысуыма кедергі келтіріп отыр. Мен енді осы жарақатымды емдетемін. Үлкен спортқа оралу-оралмауымды содан кейін көреміз, - деді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер